Алматыға жолға шыққан автобус бұзылып, 15 жолаушы эвакуацияланды
Сурет: Zakon.kz
16 желтоқсан күні түнде Алматы – Түркістан тасжолында жолаушылар автобусы бұзылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жолаушылар мінген автобус Жамбыл облысы Аса ауылы ауданында тұрып қалған.
Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері автобустан жақын маңдағы жылыту пунктіне 15 жолаушыны, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.
"Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", - деп ескертті құтқарушылар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript