Павлодарда полицейлер жүкті әйелдің өмірін құтқарып қалды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2025 15:25 Фото: Zakon.kz
Павлодар қаласында полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған әйелге дер кезінде көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалды.

"102" жедел нөміріне бейтаныс әйелдің Усолка өзенінің үстінен өтетін көпірден секірмек болғаны жөнінде куәгерден хабарлама келіп түсті.

Аталған шақырту бойынша оқиға орнына Павлодар қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері — Талғат Камзин мен Еламан Каримов жедел жетті.

Келген бойда полицейлер көпірде отырған әйелді байқап, кәсіби шеберлік пен жедел әрекет етуінің арқасында оны аман алып қалды.

Әйел адам жағаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары күн сайын қызметке кірісе отырып, тек құқық бұзушылықпен күресіп қана қоймай, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға да қол ұшын созуға дайын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: