Ақмола облысында екі кәсіпкер мемлекеттен 250 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырды

Сот келесіні анықтады:
2022 жылғы қаңтар 2024 жылғы шілде аралығында Е. және М. ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдегені және сүт өнімдерін май, ірімшік алғаны үшін негізсіз субсидиялар алу түріндегі асаірі мөлшерде алаяқтық жолымен бюджет қаражатын ұрлауға сөз байласқан.
М. ШҚ-ның басшысы ретінде, АШӨК-ке сүтті өткізу туралы шот-фактураларға сүт көлемін асыра отырып, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізді.
Ал, АШӨК басшысы Е. ШҚ-на сүт сатып алу көлемі мен өндірілген өнімді (май мен ірімшік) асырып, жалған шот-фактураларды ұсынды.
Сатып алынған шикізат пен сатылған өнім туралы жалған мәліметтерді көрсете отырып, субсидиялар алуға өтінімдер берілді.
Ұсынылған мәліметтер негізінде, Мемлекет АШӨК шотына субсидиялар төлеуді жүргізген.
Аудиторлық есеп пен жүргізілген сараптамаларға сәйкес, АШӨК атына 247 млн. теңге субсидиялар негізсіз төленді.
Осылайша, Е. және М. адамдар тобында, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы).
Сонымен қатар, қылмыстық кірісті жасыру мақсатында, Е. басқа адамның банктік шоттарына қаражат аударған, қаражаттың бір бөлігіне ол мүлікті сатып алып, жалға беріп табыс алып отырған.
Осылайша, Е. мүлікті сатып алу және жалға беру түрінде мәмілелер жасау арқылы кірістер алу мен материалдық байыту мақсатында, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды, заңды айналымға тартты (ҚК-нің 218-бабының 1-бөлігі).
Е. және М. кінәсі аудиторлық есеппен, ШҚжәне АШӨК жұмысшыларының, куәгерлердің айғақтарымен, салық мәліметтерімен, Е. және М. арасында хат алмасулары және келіссөздерімен, сарапшылардың қорытындыларымен, банк шоттарының мәліметтерімен, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерімен, жасырын тергеу әрекеттерімен және істің басқа да материалдарымен расталды.
Жаза тағайындауда сот кінәлілерде жас балалардың болуын жеңілдететін жағдай деп ескерді.
Сот үкімі
Сот үкімімен Е. және М. әрқайсысына 6 жыл 4ай бас бостандығынан айырылды, қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркіленіп, материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Мемлекет пайдасына сотталғандардан 232,4млн. теңге келтірілген зиян өндірілді.
Е. сатып алған жылжымалы мүлік (контейнер) мемлекет кірісіне тәркіленді.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.