Қарағандыда дәмханада жасалған ұрлық қылмысы ашылды

Полицейский пистолет, пистолет полицейского, полиция, полицейский, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 13:42 Фото: Zakon.kz
Қарағанды қаласының дәмханаларының бірінде тіркелген ірі көлемдегі ақша ұрлығы криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде әшкереленді.

Полицияға шағыммен жүгінген қала тұрғыны белгісіз біреудің өзіне тиесілі 285 мың теңгесін жасырын түрде ұрлап кеткенін хабарлаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 44 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

Күдікті жасаған қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: