Үлескерлердің құқықтарын бұзған құрылыс салушыларға ірі айыппұл салынады

Стройка, строительство, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, новостройка, новостройки, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2025 12:58 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 12 маусымда Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов Сенатта Қазақстанда үлескерлердің құқықтары қалай қорғалатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Депутат Бекбол Орынбасаровтың айтуынша, заң жобасына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабына өзгерістер енгізіліп, онда үлескерлердің құқықтарын бұзғаны үшін 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу қарастырылған.

"Бұрын бұл 300 АЕК болатын. Бұл – 1 млн 180 мың теңге. Айыппұлды арттыру тұтынушылардың, үлескерлердің құқықтарын қосымша қорғауға мүмкіндік бере ме?" – деп сұрады ол.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов бұл норма көптеген проблемалық мәселелерді шешуге ықпал ететінін айтты.

"Иә, расында да, бұл нормалар үлескерлердің мәселелерін шешуге және алданған үлескерлер санын азайтуға көмектеседі. 2000 АЕК – бұл ӘҚБтК-те қарастырылған ең жоғары айыппұл мөлшері, яғни 7 млн 800 мың теңге. Әрбір құқықбұзушылық фактісі үшін осы мөлшерде айыппұл салынады. Сондықтан бұл шаралар заңсыз қаражат тарту мен құрылыс нысандарын заңсыз жарнамалауға тосқауыл болады. Осы заң аясында Азаматтық кодекс пен басқа да заңдарға тиісті өзгерістер енгізілуде, бұл, әрине, үлескерлердің құқықтарын қорғайды", – деп жауап берді ол.

Бұған дейін Алматыда өрт сөндіру көлігі апатқа ұшырағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: