Павлодарда мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді

Павлодарда мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2025 19:36 Сурет: polisia.kz
Павлодардағы Мүткенов көшесінде "Қарасора" іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды ұстады. Жеке тексеру кезінде оның үстінен екі полиэтилен орамға оралған тыйым салынған заттар табылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша 6 орама мен бір пакет, сондай-ақ "зип" пакеттер, электронды таразы және орауға арналған құрылғы тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттардың салмағы 8 грамнан асатын синтетикалық есірткі болып шықты.

Ұсталған азамат интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істегенін мойындады. Ол есірткі заттарын жасырып кету арқылы таратуды жоспарлаған.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК бойынша есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті қамауға алынды, қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: