Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты алты елдің үстінен ұшуға тыйым салды

Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты алты елдің үстінен ұшуға тыйым салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2025 22:07 Сурет: pexels
Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі Таяу Шығыста соғыс қимылдарының басталуына және азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнген жоғары қауіпке байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таяу Шығыстағы жағдайға және азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнген қауіптің жоғары деңгейіне байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі келесі ескертуге дейін Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігінің үстінде, ішінде және оған жақын жерде ұшуларға толық тыйым салады.

"Бұл нұсқаулық қазақстандық әуе кемелерін пайдаланушылардың барлық тұрақты және тұрақты емес жолаушылар, жүк және техникалық рейстеріне қолданылады. Нұсқау алынған сәттен бастап күшіне енеді және міндетті түрде орындалуға жатады. Тиісті аймақтағы жағдай өзгерсе, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік департменті қосымша ақпарат жібереді", - делінген хабарламада.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қауіпті әскери шиеленіске байланысты маңызды мәлімдеме жасаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: