Мәңгі тату көршілік: саммит қорытындысы бойынша қандай құжаттарға қол қойылды

Мәңгі тату көршілік: саммит қорытындысы бойынша қандай құжаттарға қол қойылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2025 18:27 Сурет: akorda.kz
Астанада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қытай Халық Республикасы басшылары қандай құжаттарға қол қойғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, форум қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары екінші "Орталық Азия – Қытай" саммитінің Астана декларациясына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы мәңгі тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.

Еске салайық, бүгін, 17 маусымда Астанада екінші "Орталық Азия – Қытай" саммиті өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қытай басшылары қатысьы.

Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерімен жан-жақты ынтымақтастыққа ниет танытқаны үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге алғыс айтты.

Сондай-ақ Екінші "Орталық Азия – Қытай" саммитінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев сөз сөйледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: