Алматылықтарға үш сағатқа жарықсыз қалады

Лампочка, лампочки, свет, отключение света, электричество, электроэнергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2025 14:25 Фото: unsplash
2025 жылдың 19 маусымында Алматы қаласының Алмалы ауданында тұрғындар жарықсыз қалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, апат кабельдік желілердің зақымдалуы мен ыстық ауа райының әсерінен болған.

Мамандар қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, алайда электр желілерінің шамадан тыс жүктемесіне байланысты сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жоспарлы өшіру кестесі енгізілгенін айтты.

Гоголь – Сейфуллин – Шевченко – Шарипов көшелерімен шектелген аумақта жарық үш сағатқа өшірілетін болады.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанмен шекарадағы бұзушылықтарға байланысты 30 тонна жұмыртқа Ресейге қайтарылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: