Оралда ер адам өзін полицей ретінде таныстырып, әйелдің ақшасын жымқырған

Оралда ер адам өзін полицей ретінде таныстырып, әйелдің ақшасын жымқырған , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2025 19:51 Сурет: polisia.kz
2025 жылғы 13 маусымда бейтаныс тұлға Оралда өзін ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкері ретінде таныстырып, айыппұл төлеу керек сылтаумен 1983 жылы туған әйелдің ақшалай қаражатын заңсыз иемденген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған факт бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 17 маусым күні Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлері 1995 жылы туған азаматты ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Тінту кезінде банк қосымшасынан үзінді көшірме және екі ұялы телефон тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: