Элиталық жылжымайтын мүлік пен қазақстандықтың 1,7 млн доллары қазынаға түсті

2025 жылғы 23 маусымда таратылған ақпаратқа сүйенсек, күдікті жылжымалы және жылжымайтын мүліктің қымбат нысандарын, оның ішінде жұбайына ресімделген нысандарды сатып алу үшін шамамен 1,5 млрд теңге заңға қайшы ақшаны пайдаланған.
Олардың қатарына Алматы қаласы мен Алматы облысындағы люкс автомобиль, пәтер, жер учаскелері, тұрғын үйлер мен құрылыстар жатады.
Бұдан бөлек, қаржылық тергеу қосымша 1,7 млн АҚШ долларын (872 млн теңгеден астам) және Қазақстанның екінші деңгейдегі банктеріндегі айыпталушы мен оның жұбайының шоттарында 47 млн теңге анықтады. Олар қылмыс жасау кезеңінде алынған және олардың ресми табыстарына сәйкес келмейді.
"Ағымдағы жылғы 16 маусымдағы сот қаулысымен ақшалай қаражат пен мүліктік объектілер мемлекет кірісіне тәркіленді",- делінген ақпаратта.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге деақпарат жария етілуге жатпайды.
Бұған дейін шенеуніктердің туыстары арқылы жүздеген миллионды жылыстатқанын жазған болатынбыз.