Жаңалықтар тізбегі
0

Антикор 2023 жылдан бері іздеуде жүрген азаматты ұстады

 Антикор 2023 жылдан бері іздеуде жүрген азаматты ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2024 16:24 Сурет: Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 2023 жылдан бері іздеуде жүрген "У" азаматы ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деп күдіктелуде.

Алаяқтық Алматы қаласы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған.

Ағымдағы жылдың 14 маусымында Бішкек қаласында "У" азаматы ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлады.

Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен "У" азаматы Қырғыз Республикасының шекарасынан өтіп, Алматы қаласына жеткізілді.

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: