Шенеуніктер туыстары арқылы жүздеген миллионды жылыстатқан – Антикор

Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции, Агентство РК по противодействию коррупции, Антикор, Антикор РК, Антикоррупционная служба, коррупция, коррумпированность, коррупционеры, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2025 13:46 Фото: Zakon.kz
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бүгін, 23 маусымда 2025 жылдың басынан қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша 30-ға жуық қылмыстық іс бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет атап өткендей, кейбір істер сотқа жолданып, айыптау үкімі шыққан.

"Заңға қайшы табыстар туыстарының, аффилиирленген компаниялардың атынан заңды операциялар ретінде бүркемеленетін, қымбат мүлікті, криптовалюталарды, бағалы қағаздарды, оның ішінде инвестициялық құралдарды қолдана отырып сатып алуда пайдаланылатын жағдайларға ерекше назар аударылады." Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Мысалы, спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатынан 745 млн теңгеден астам соманы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан бұрынғы лауазымды адамның қаржылық ағындарына жүргізілген талдау нәтижесінде, оның қылмыстық жолмен алынған қаражатқа екі қымбат автокөлік сатып алғаны және 240 млн теңгеденастам соманы жоғары табыс алу мақсатында өзі бақылауындағы компанияның шотына аударғаны анықталды.

Тағы бір жағдай, күдіктілер жеке кәсіпкер болып табылатын туыстары арқылы инфрақұрылымдық, қала құрылысы жобаларын іске асыруға бюджеттен бөлінген 237 млн теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, олардан пәтерлер, автокөліктер және басқа да мүліктер сатып алған.

"Соттың санкциясымен мүліктік объектілерге тыйым салынды." Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге деақпарат жария етілуге жатпайды.

Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақшаны жылыстатты деген күдікке ілінген және 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықтың ақшасы мен мүлкінің қылмыстық тегі барын дәлелдеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: