Мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алуға кім құқылы

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2025 12:04 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 45,2 мың отбасындағы 242,4 мың адамға 13,4 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 132,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
24 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕӘҚМ) еске салғандай, АӘК-тің негізгі мақсаты ақшалай төлемдер түрінде қолдау көрсету және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару болып табылады.

АӘК мыналарды көздейді:
  • табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
  • табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2025 жылғы 1 маусымға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 74,5 мың балаға 1,8 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
  • жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы кедейлік шегі өңірлік медиандық табыстың 35% деңгейінде, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% – нан төмен емес деңгейде айқындалған.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: