Қазақстандағы ерлер мен әйелдердің орташа жасы белгілі болды
Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 24 маусымда Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың орташа жасы туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылдың басындағы статистикаға сәйкес, Қазақстан халқының орташа жасы – 32,3 жас. Бұл көрсеткіш кейінгі бес жылда 31,9 жастан жоғарылаған.
"Ерлердің орташа жасы – 30,7 жас, әйелдердікі – 33,9 жас", - делінген Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.
Өңірлер бойынша ең төменгі орташа жас:
- Түркістан облысы – 27,7 жас;
- Маңғыстау облысы – 27,8 жас;
- Шымкент – 27,8 жас.
Ең жоғары орташа жас:
- Солтүстік Қазақстан облысы – 39,2 жас;
- Шығыс Қазақстан облысы – 38,9 жас;
- Қостанай облысы – 38 жас.
Сонымен қатар, қалалық тұрғындардың орташа жасы ауылдықтарға қарағанда жоғары:
- қалалықтар – 32,7 жас;
- ауылдықтар – 31,7 жас.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript