Алматыдағы шағынаудандардың бірінде суық су өшіріледі

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, раковина, горячая вода, холодная вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2025 12:57 Фото: unsplash
Алматыда Ақсай-1а шағынауданы тұрғындары 2025 жылғы 27 маусымда суық сусыз қалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы СУ" ақпаратына сүйенсек, бұл күні аумақта сумен жабдықтау желілерінде технологиялық жабдықты ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Атап айтқанда, 27 маусым күні сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін Ақсай-1а шағынауданында, Момышұлы көшесі – Райымбек даңғылы – Яссауи көшесі – Төле би көшесі шекарасындағы аумақта суық су беру уақытша тоқтатылады.

"Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және тұрғындар мен тұтынушылардан техникалық жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне байланысты уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз",- деп мәлімдеді ведомство.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар: 274-66-66.

Бұған дейін қазақстандық сейсмологтар көрші елдегі жер сілкінісін тіркегендігін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: