Үкімет Жезқазғанның жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға 2,8 млрд теңге бөлді

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2025 16:38 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылу көздері мен жылу желілерінің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларын іске асыру аясында Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңғыртуды аяқтау үшін Үкімет резервтен 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

2025 жылғы 26 маусымда үкіметтің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Ұзындығы 398 шақырым қалалық жылу желілерінің тозуы – 56,6%. Бұл тұрғын үйлер, әлеуметтік және т. б. нысандарды жылумен қамтуға кері әсерін тигізуде. Жылыту маусымында ресурстардың айтарлықтай шығыны орта есеппен 35-40%-ға жетеді, бұл қолданыстағы және салынып жатқан нысандарды жылу желілеріне қосуға мүмкіндік бермейді.

Жезқазған қаласының кеңеюін және салынып жатқан жаңа Батыс ауданын жылумен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, реконструкциялау мен жаңғырту бойынша бастапқы жоба түзетілді: құбырлардың диаметрі 800 мм-ден 1000 мм-ге дейін, ал реконструкциялауға жататын желілердің ұзындығы 11,4 шақырымнан 12,3 шақырымға дейін ұлғайтылды.

Үкімет резервінен бөлінген 2,8 млрд теңге жобаны толық аяқтауға және 98 мыңнан астам тұрғыны бар қаланың жылу желілерін алдағы жылыту маусымына сапалы дайындауға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: