Құрдастарына қысым көрсеткен: ІІМ мектептегі бейресми көшбасшылар жайлы айтты

Құрдастарына қысым көрсеткен: ІІМ мектептегі бейресми көшбасшылар жайлы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2025 20:09 Сурет: Zakon.kz
26 маусым күні Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ювеналдық полиция басқармасының бастығы Әсет Оспанов кейбір жасөспірімдердің өз қатарластарына қалай ықпал етіп жүргенін баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер Қазақстан мектептерінен 1 800 бейресми көшбасшыны анықтаған.

"Биыл мектептерде бопсалау бойынша 44 дерек тіркелді. Бұл – тікелей жұмыстың нәтижесі, өйткені бопсалау – жасырын, анықталуы қиын құқықбұзушылық. Ол көбіне кәмелетке толмағандар арасында, камера жоқ жерлерде болады, ешкім ештеңе айтпайды. Біз бұл деректерді сұхбат, сауалнама және сенімге негізделген әңгімелер арқылы анықтап жатырмыз", - деді Әсет Оспанов.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев бұл іспен кімдер жиі айналысатынын да айтты:

"Бұрын атаман деп атайтын, қазір бейресми лидерлер деп жүрміз. Бұлар айналасына топ жинап, мектепте қысым көрсетуді бастайды", - деді ол.

Сондай-ақ ол мұндай жағдайлардың алдын алу үшін заңнамаға қандай өзгерістер енгізілгенін түсіндірді:


"Қазір мектеп әкімшіліктері өте жақсы көмектесіп жатыр. Біз Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп бірқатар жұмыс жүргіздік. Бұрын қандай да бір мектепте құқықбұзушылық орын алса, мектеп директоры жазаланып, қызметтен кетіп, рейтингі төмендейтін. Қазір министр ведомстволық бұйрықтарға өзгеріс енгізді: енді мектеп директоры немесе оқу ісі жөніндегі орынбасары осындай құқықбұзушылықты өзі анықтаса, ол үшін жазаланбайды, керісінше марапатталады. Яғни, енді олар бұл фактілерді жасырмайды", - деді әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: