Қазақстандағы тұңғыш атом электр стансасының шамамен құны белгілі болды

АЭС, атомная электростанция, производство электроэнергии, атомная промышленность, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2025 11:37 Фото: pexels
2025 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев үкімет дәлізінде Қазақстанда атом электр станциясын салудың алдын ала құнын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ведомство басшысы атом электр стансасының құны техникалық-экономикалық негіздеме негізінде анықталатынын атап өтті.

"Бізде жеткізушілер бәсекелестік процедураларға қатысуының бір бөлігі ретінде ұсынған индикативтік параметрлері бар. Біз оларды қазір жариялай алмаймыз, өйткені олар процеске қатысушылармен құпиялылық туралы келісімдер арқылы қорғалған. Бірақ, жалпы әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай деңгейдегі станцияның құны ең аз дегенде 14 миллиард долларды құрайды", – деді Алмасадам Сәтқалиев.

2025 жылдың 14 маусымында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жөніндегі консорциумды ресейлік "Росатом" компаниясы басқаратыны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: