"Нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі". Қазақстанға қарай циклон жылжып келеді

Жаңбыр, ауа райы болжамы, Қазақстан, 28 маусым, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2025 17:59 Сурет: unsplash
Синоптиктер алдағы сенбіде, 2025 жылы 28 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, республикамыздың басым бөлігінде қатты жаңбыр жауып, кей өңірде бұршақ түседі. 

"Қазақстан аумағында ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ түсуі мүмкін. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең еліміздің батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі"."Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ, мынандай қолайсыз ауа райы күтіледі:

жоғары өрт қаупі – Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының, Атырау өңірінің оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында;

төтенше өрт қаупі – Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Абай облысының оңтүстігінде.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 27 маусымда барлық өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: