"Роскосмос" Байқоңырдан ұшырылатын ғарыш жүк кемесінің дайындық сәттерін көрсетті
Сурет: Telegram/roscosmos_gk
Байқоңырда "Прогресс МС-31" жүк кемесін ұшыруға дайындық аяқталуға жақын. Дайындық барысының ерекше кадрларын "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазір "Прогресс" ғарыш кемесі 31-алаңдағы монтаждық-сынақ корпусына жеткізіліп, зымыранмен біріктірілетін жалпы құрастыру жұмыстары жүріп жатыр.

Сурет: Telegram/roscosmos_gk
"Ғарыштық бас бөлік — бұл кеменің бас қаптамасы мен зымыранның үшінші сатысындағы ауыспалы бөлімімен бірге құрастырылған түрі", - деп нақтылады корпорация.

Сурет: Telegram/roscosmos_gk
"Ғарыш жүк көлігін" Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2025 жылғы 3 шілдеге жоспарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript