Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына экипажға арналған жабдық пен азық-түлік тиелген жүк кемесі ұшырылды
Сурет: Роскосмос
2025 жылғы 11 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңынан "Союз-2.1а" зымыран тасығышы "Прогресс МС-32" жүк кемесімен бірге ұшырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың есептеуінше, тоғыз минуттан кейін кеме орбитаға шығуы тиіс. Ресей сегментіндегі "Звезда" модулімен түйісу 13 қыркүйектің кешіне жоспарланған.
Жүк кемесі орбитаға 2 516 кг жүк жеткізеді. Оның ішінде отын, ғылыми жабдықтар, су, оттегі және азық-түлік бар. Сонымен қатар ғарышкерлердің ашық ғарышқа шығуына арналған жаңа "Орлан-МКС" №7 скафандры да жеткізіледі.
Халықаралық ғарыш станциясына шамамен 17 кг жаңа піскен жеміс-жидек пен көкөніс (соның ішінде 5 кг грейпфрут пен 0,5 кг сарымсақ), сондай-ақ сублимацияланған өнімдер, консервілер, сусындар, тұздықтар мен екі түрлі кетчуп – "шашлық" және "лечо" жеткізіледі.
Бұған дейін Қытайдың зымыран ұшырып, үш жерсерікті орбитаға шығарғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript