Қытай зымыран ұшырып, үш жерсерікті орбитаға шығарды

Аспан, күн, зымыран, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2025 21:54 Сурет: pixabay
Қытайдың солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан үш жерсерікті орбитаға шығару үшін "Цзилинь университеті-Церера – 1 (Яо-15)" зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

China Daily газеті жазғандай, зымыранды Beijing Galactic Energy компаниясы жасаған. Оның президенті Лю Цзяньшэ - Цзилинь университетінің түлегі, модельдің техникалық жетекшісі және бас командирі.

Бұл зымыран әлемдік коммерциялық ұшыру нарығындағы шағын тасымалдаушылар арасында ең үнемді әрі бәсекеге қабілеттісі болып саналады.

"Біз Қытайдың коммерциялық ғарыш саласын ілгерілету үшін "Церера" сериялы зымырандарды жетілдіруді, өнімнің сапасын бақылауды жақсартуды және көптеп ұшыру мүмкіндіктерін арттыруды жалғастырамыз", – деді Beijing Galactic Energy президенті және Цзилинь университетінің түлегі Лю Цзяньшэ.

Бұған дейін Антрактида түбінен табылған олжа ғалымдарды таң қалдырғанын жазғанбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: