Алматыда қандаланың көбею себебі - әкімдік жауабы

Алматыда қандаланың көбею себебі - әкімдік жауабы , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2025 16:54 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда жөке қандаласына қарсы өңдеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, қалада жөке қандаласының (халық арасында — "сасық қандала") жаппай таралуына қарсы жасыл желектерге жүйелі биологиялық өңдеу жүргізілуде.

"Қандалалардың көбеюінің басты себебі — ауа райының қолайлы жағдайы: салқын көктем мен кенет ысыған ауа температурасы (+35 °C дейін) олардың көбеюіне қолайлы орта қалыптастырды",- делінген ақпаратта.

Әкімдік жұмыстар күн сайын таңертең және түнгі уақытта жүргізілетіндігін атап өтті. Адам мен жануарлар үшін қауіпсіз биологиялық құралдар қолданылады.

Деректерге сүйенсек, биологиялық өңдеу кезеңдері:

  • 1-кезең — сәуірде аяқталды
  • 2-кезең — 1–30 маусым аралығында өтуде
  • 3-кезең — 5 шілде — 5 тамыз
  • 4-кезең — 15 тамыз — 20 қыркүйек
"Жыл басынан бері 2,3 миллион ағаш өңделіп, тұрғындардан 2 мыңнан астам өтініш қабылданды. Қазір шағымдар саны азаюда". Алматы қаласы әкімдігі

Бұған дейін Астана тұрғындарына көшедегі жөндеу жұмыстарына байланысты маңызды ескерту жасалғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: