Қазақстанда қағаз түріндегі "еңбекке жарамсыздық парағынан" бас тартылады
Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 30 маусымда Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет мінберінде Қазақстанда қағаз түріндегі "еңбекке жарамсыздық парағынан" толық бас тартып, оларды цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министр бұл бағытта тиісті бұйрыққа қол қойылғанын және медициналық ұйымдарда кезең-кезеңімен жүзеге асыру басталғанын атап өтті.
"Сондықтан әрбір азамат өзінің "еңбекке жарамсыздық парағын" онлайн түрде талап етуге толық құқылы. Қазір айналымда екі нұсқа – қағаз және электрондық формат бар. Енді біз бұл өтпелі кезеңді аяқтап, толықтай онлайнға көшуіміз қажет. Тек белгілі бір уақыт қажет. Бірақ заң жүзінде және нормативтік тұрғыдан барлық қажетті құжаттар бекітілді және жұмыс атқарылуда", – деді Ақмарал Әлназарова.
Ол бүгінде электронды "еңбекке жарамсыздық парағын" алу мүмкіндігі бар екенін, себебі бұл функция медициналық ақпараттық жүйелерде толық іске асырылғанын баса айтты.
Бұған дейін қазақстандық депутаттардың демалысқа шыққандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript