Елімізде 15 мыңнан астам адам рақымшылыққа ілігеді

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 16:57 Фото: Zakon.kz
Амнистия 15 мыңнан астам сотталған адамды қамтымақ. Бұл жайлы 2025 жылғы 30 маусымда Парламент палаталарының қорытынды отырысында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен Конституцияның 30 жылдығына орай қабылданған Рақымшылық туралы заң – нағыз ізгіліктің көрінісі.

Құжат жаза басқан жандарға жаңа мүмкіндік беруге бағытталған.

"Амнистия 15 мыңнан астам сотталған адамды қамтымақ. Олардың екі мыңға жуығы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, қалғандарының жаза мерзімі қысқартылады",- деді Қошанов.

Сондай-ақ, ол бұл – сүрінген жандардың қалыпты өмірге қайта оралуына септесетін игі қадам екенін айтты.

Бұған дейін қазақстандық депутаттардың демалысқа шыққандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: