Тоқаев Конго президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоны Конго Демократиялық Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Бүгінде Конго өзінің іргетасын нығайтуда, азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, сондай-ақ халықаралық сахнадағы мерейін үстем етуде қомақты жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста, Сіздің сындарлы саясатыңыз бен игі бастамаларыңыз мемлекетіңізді биік белестерге жетелей беруіне тілектеспін", - деп жазылған жеделхатта.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript