Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Президент еліміз Конго Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес санайтынын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді", – делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоның жауапты қызметіне толайым табыс, достас Конго халқына құт-береке тіледі.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдағанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript