Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2026 11:03 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоизді Лихтенштейн Князьдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Лихтенштейнмен көп жылғы достық қарым-қатынасты және өзара құрметті жоғары бағалайды. Тиімді ынтымақтастығымыз екі ел халықтарының игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоиздің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Князьдік халқына бақ-береке тіледі.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: