Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Сурет: freepik
Түркістан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы жасырын тергеу іс-шаралары нәтижесінде пара алғаны әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, ол Түркістан тұрғынынан жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді рәсімдеуге жәрдемдесу үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алған деген күдікке ілінген.
"2025 жылғы 28 маусымда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды", - деді Данияр Биғайдаров.
Бұған дейін Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматыдағы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысын әшкерелеген еді.
Ол 750 миллион теңгеден астам сомаға жер қатынастары саласындағы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript