Қарағанды облысында қайтарылған активтер қаражатына 51 денсаулық сақтау нысаны салынуда

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2025 09:26 Фото: Zakon.kz
Елімізде Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар жалғасуда.

2025 жылдың 1 шілдесінде үкіметтің баспасөз қызметі берген мәліметке сай, қайтарылатын қаражат әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.

Үкімет Қарағанды облысында 51 медициналық мекеменің құрылысы жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 5,9 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады.

Нысандар "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында салынуда. Оларды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

"Шет, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра және Осакаров аудандарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар, сондай-ақ фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынады." ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Оларды жүзеге асыру шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Медициналық қызметке қолжетімділік, алдын алу жұмыстары, ерте диагностика, сондай-ақ төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсетіледі.

"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 655 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 480 нысанның құрылысы аяқталды.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысандарын салуға және ауруханаларды реконструкциялауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Сонымен қатар Арнаулы мемлекеттік қордан да қаржы қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: