Мемлекет басшысы Руанда Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Руанда Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2025 15:39 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамены Руанда Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы бүгін, 2025 жылғы 1 шілдеде Ақорда мәлімдеді.

"Біз еліңізді Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Бұл тұста, Қазақстан мен Руанда арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін ерекше қанағатпен атап өтемін", – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, Руанда Президенті Поль Кагаме 2025 жылғы 28 мамырда Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. 

Бұған дейін Тоқаев Канаданың генерал-губернаторын құттықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: