Ақмола облысында 13 жастағы бала жанармайдан уланып көз жұмды

Ақмола облысында 13 жастағы бала жанармайдан уланып көз жұмды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2025 21:40 Сурет: КТК телеарнасы
Ақмола облысында 13 жасар бала жанармайдан уланып көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, жасөспірім бензиннің уытты буына уланған болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, оқыс оқиға Зеренді ауданындағы Қызылсая ауылында болған. 

Кеше кешкісін оқушының денесін әкесі мен егізінің сыңары жазғы сарайдан тауып алады. Қайтыс болған бала үстел басында отырыпты. Туыстары оның жанынан жанармайы бар аузы ашық ыдысты байқайды.

Айта кетейік, ұлынан айырылған әке балаларын жалғыз тәрбиелеп келген.

Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"2 шілдеде Зеренді ауданында кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды"Ақмола облысы полиция департаментінің жетекші маманы Әлия Біләлова
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: