Алматыда азық-түлікті қашан және қайдан тиімді бағамен сатып алуға болады

Алматыда азық-түлікті қашан және қайда тиімді бағамен сатып алуға болады , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2025 14:49 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына демалыс күнгі жәрмеңкелерде азық-түлікті тиімді бағамен сатып алуға болатынын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ақпаратынша, жәрмеңкелерде барлығы 1000-нан астам тауар түрі ұсынылған.

"Жыл басынан бері қаланың бес ауданында 210-нан астам жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңке апта сайын, сенбі және жексенбі күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Орташа алғанда демалыс күндері Алматы мен Алматы облысының 328 фермерлері мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінен келетін 800 тоннадан астам өнім сатылады",- делінген ақпаратта.

Жәрмеңкелер өтетін орындар:

  • Алмалы ауданы: Масанчи көшесі, Гоголь көшесі мен Әйтеке би көшесі арасында.
  • Бостандық ауданы: Қазақфильм ш/а, Исиналиев көшесі.
  • Әуезов ауданы: Өтеген батыр көшесі – Абай даңғылының төмен жағы.
  • Медеу ауданы: Меңдіқұлов бульвары – Бектұров көшесінің қиылысы.
  • Алатау ауданы: "Мәдениет" ТҮК.

Сондай-ақ, ведомство жыл басынан бері Алматы тұрғындары мен қонақтары демалыс күнгі жәрмеңкелерде 22 800 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанын жазды.

Оның ішінде:

  • 11,5 мың тоннаға жуық көкөністер мен жемістер,
  • 7,3 мың тоннадан астам ет және ет өнімдері,
  • 2 мың тоннадан астам сүт өнімдері,
  • 1,8 мың тонна бакалея және маринадталған қияр.
"Демалыс күнгі жәрмеңкелері отандық өндірушілерді қолдауға, халықтың қолжетімді бағамен сапалы азық-түлік тауарларын алуына, сондай-ақ қаланың сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Өнім тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңдеуші кәсіпорындардан делдалдардың қатысуынсыз келіп түседі, бұл бағаны нарық деңгейінен төмендетеді. Жәрмеңкелерді "Алматы "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ("Алматы" ӘКК) ұйымдастырады",- деп түйіндеді әкімдік.

Бұған дейін электрондық форматтағы ҰБТ өткізу мерзімдері белгіленгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: