Ақтөбеде ер адам жүргізуші куәлігін алып беремін деп алты адамды алдаған

Ақтөбеде жүргізуші куәлігін алып беремін деп жалған уәде берген ер адам 6 адамды алдаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2025 18:28 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде тұрғындарды жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция бөліміне бірнеше азамат алаяқтық фактісі бойынша жүгінді. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс ер адам жүргізуші куәлігін алып беруге көмектесемін деген сылтаумен олардың ақшалай қаражатын иемденген.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні – 28 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Белгілі болғандай, ол жыл басынан бері жүргізуші куәлігін заңды түрде рәсімдеуге мүмкіндігі болмағанына қарамастан, осындай жолмен 6 адамды алдап, олардың ақшасын алған.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен 2 миллион теңгені құрады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті ресми құжаттарды заңсыз жолмен алып беремін деп уәде беретін күмәнді делдалдарға сенбеуге кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: