Түркістан полицейлері несие алып беремін деп тұрғындарды алдаған күдіктіні құрықтады
Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысының полицейлері қайтарымсыз несие алып беремін деп тұрғындарды алдаған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
Белгілі болғандай күдікті әйел жәбірленушіден мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесетінің айтып, алдын ала 500 мың теңге ақшасын алған.
Тексеру барысында тәртіп сақшылары күдіктінің дәл осыған ұқсас 3 жайтқа қатысы барын анықтады. Мұндағы жәбірленушілерге келген шығын көлемі 2,5 миллион теңгеге жуық.
Күдікті әйел алдау жолымен алған ақшаны жұмсап жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript