5 шілдеде Қазақстанда циклон салдарынан ауа райы бұзылады
Сурет: pxhere
Алдағы сенбі, 2025 жылғы 5 шілдеде Қазақстанның көп өңірінде ауа райы бұзылады – жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, антициклон сілемі елдің батысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді.
"Қазақстанның қалған аумағында циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар тұрақсыз ауа райын сақтайды – жаңбыр, найзағай, солтүстік, шығыс және орталықта – нөсер жаңбыр жауады, кейбір аудандарда бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша жел күшейеді: оңтүстікте – шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста – дауылды жел, солтүстік-батыс пен солтүстікте түнгі және таңғы сағаттарда – тұман", – делінген болжамда.
Сондай-ақ, гидрометеорталық мына өңірлерде өрт қаупі жоғары екенін ескертті:
- Жоғары өрт қаупі: Маңғыстау облысында, Атырау облысының оңтүстігі мен батысында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында.
- Төтенше өрт қаупі: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Қарағанды облысының батысы, шығысы және оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript