Аптап пен нөсер: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы құбылады
Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
2026 жылғы 20-22 тамыз аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде ауа температурасы +41°С-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған ауа райы болжамында айтылған.
"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін. Елдің солтүстік жартысында түнде және таңертең тұман күтіледі".
Синоптиктердің болжамынша, нөсер жаңбыр:
- 20 тамызда – Қазақстанның орталығында;
- 21 тамызда – еліміздің шығысында;
- 22 тамызда – солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жауады.
"Қазақстанның батыс өңірлері мен оңтүстік-шығысында қатты ыстық сақталады. Күндіз бұл аймақтарда ауа температурасы +30...+38°С-қа, ал Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында +41°С-қа дейін көтеріледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Елдің қалған аума аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс болмайды:
- Қостанай облысында ауа температурасы +20...+30°С;
- солтүстік облыстарда +17...+28°С;
- орталық және шығыс өңірлерде +17...+30°С;
- Қазақстанның оңтүстігінде күндіз +30...+38°С болады.
Бұған дейін "Қазгидромет" мамандары еліміздің үш ірі қаласында 2026 жылғы 19, 20 және 21 тамызда қандай ауа райы болатыны туралы жаңартылған болжам ұсынды. Болжамға сәйкес, Астанада бұршақ жаууы мүмкін, Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал Шымкентте аптап ыстық болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript