Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті
Сурет: pixabay
Екібастұзда суға кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр. Құтқарушылардың жұмысын қолайсыз ауа райы қиындатып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Солнечный кентінің маңында "Шандықсор" жасанды көлінде 4 шілдеде сағат 16:10 шамасында тыйым салынған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен 2009 жылы туған баланы іздеу бойынша жұмыстары жалғасып жатыр.
Баланы іздеуге Жедел-құтқару жасағының күштері 6 қызметкер, 2 техника, 2 жүзу құралы, сондай-ақ, эхолот тартылды.
"Қатты жел мен толқындар кедергі жасап жатыр. Осыған қарамастан, сүңгуірлер жұмыстарын жалғастыруда", - деп хабарлады департамент.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript