Ұлы Қытай қорғанында күмбірлеген күй: Аспан асты елі қазақ мерекесін қалай атап өтті
Сурет: Instagram/qazemb_to_china
Бейжіңде "Қазақстанның ұлттық мерекесі – Домбыра күнін" атап өтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жайлы 2025 жылғы 6 шілдеде Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мәлімдеді.
Бейжің ұлттық аспаптар оркестрінің оқушыларымен және ұстаздарымен бірлесіп "Келіншек күйін" орындады.
2015 жылы ресми түрде құрылған Бейжің ұлттық оркестрі – Бейжіңдегі қазақтың ұлттық аспабы "Домбырада" ойнауды кәсіби түрде үйрететін жалғыз оркестр болып табылады. Бұл оркестр Қытайдағы және шет елдердегі ең үлкен сахналарда өнер көрсететін 500-ден астам музыканттары бар Бейжіңдегі ең ірі муниципалдық мәдени және өнер ұжымдарының бірі.
Айта кетейік, қазақ елі жеті жыл бойы шілде айының бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күнін атап өтуде. Биыл бұл мереке 6 шілдеге – Астана күніне сәйкес келіп отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript