Алматы облысындағы тау баурайында автокөлік аударылды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылғы 7 шілдеде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген шатқалы Ассы жазығында, тау баурайында көлік аударылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шұғыл қызметті куәгерлер шақырған.
"Оқиға орынына жету қиын болғандықтан жедел жәрдем бригадасы ТЖМ құтқарушыларымен бірге өтімділігі жоғары "Toyota Hilux" көлігімен Ассы жазығына көтерілді. Оқиға орнына жеткен соң дәрігерлер мен құтқарушылар жүргізушіге алғашқы көмек көрсеткен",- делінген ақпаратта.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Артынша, оны "Батан" гидробекетінде күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне жеткізді.
Бұған дейін үш жасөспірімнің Шымбұлақ шыңындағы жартаста қалып қойғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript