Алматы облысында шайылу қаупіне байланысты Түрген өзеніндегі көпір жабылды

Көпір, Алматы облысы, шайылу қаупі, нөсер жаңбыр, сел, Түрген өзені , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2026 17:37 Сурет: pexels
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Түрген өзеніндегі көпір жабылып, көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бұған нөсер жауын-шашын салдарынан Түрген өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі және көпірдің шайылу қаупі түрткі болған.

2026 жылғы 1 шілде, сағат 13:00-ден бастап Еңбекшіқазақ ауданындағы КВ-49 "Приканальная а/о БАК" автомобиль жолының 54+851 шақырымында орналасқан көпір барлық автокөлік түрлері үшін уақытша жабылды.

Мамандар атап өткендей, жол қозғалысы ауа райы тұрақтанып, көпірдің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілгеннен кейін қайта ашылады. Бұл туралы қосымша хабарланады.

Сондай-ақ жүргізушілерден қауіпсіздік талаптарын сақтап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алу сұралады.

Бұған дейін Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: