Семейде арзан пәтер алмақ болған тұрғын ақшасынан айырылып қалды

Тенге, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2025 13:44 Фото: Zakon.kz
Семейде арзан пәтер алып беремін деп 2,5 миллион теңгені заңсыз иемденген әйел ұсталды.

Семей қалалық полиция басқармасына 35 жастағы кәсіпкер арызданды. Оның айтуынша, таныс әйел арзан бағамен пәтер алып беремін деп уәде беріп, ірі көлемде ақша алып, байланысқа шықпай кеткен.

Тексеру барысында 2024 жылғы 24 қарашада Семейдің 41 жастағы тұрғыны жәбірленушіге тұрғын үйді тиімді бағада сатып алуға көмектесемін деп сендіріп, одан 2,5 миллион теңге алғаны анықталды.

Алайда ол уәдесін орындамай, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: