Түркістан облысында әскери борышын өтеуге кетіп бара жатқан жігіт перроннан қашып кетті
Сурет: pixabay
Түркістан облысында әскери борышын өтеуге кетіп бара жатқан жігіт перроннан қашып кетті. Сот оны кінәлі деп тауып, айыппұл салды, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы Ө.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.
Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Ө. 2025 жылғы 25 мамырда сағат 00:30 шамасында Түлкібас теміржол станциясының перронында, әскерге шақырылған досымен қоштасу барысында, полиция қызметкеріне кедергі жасап, қарсылық танытқан.
Осылайша, әскерге шақырылған жігіт пойыздан қашып кеткен.
Сотта құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
"Сот қаулысымен Ө. кінәлі деп танылып, оған 30 АЕК мөлшерінде, яғни 117 960 теңге әкімшілік айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript