Атырауда бассейнде 15-ке жуық адам хлордан уланды

Атырауда бассейнде 15-ке жуық адам хлордан уланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2025 21:34 Сурет: Zakon.kz
13 шілде күні Атыраудағы бассейндердің бірінде адамдар хлордан уланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, медициналық көмекке 14 адам жүгінген, оның үшеуі ауруханаға жатқызылған.

Жағдайлары тұрақты. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында.

"Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді, су мен ауа үлгілері алынды. Хлор буы мөлшерінің артуы анықталған жоқ, зертханалық тексерулер жалғасып жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша зардап шеккендер денсаулық сақтау басқармасының бақылауына алынды.

Өңірдегі барлық бассейндер мен аквапарктерге тексеру жүргізу тапсырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: