Қостанайда көлік басқару құқығы жоқ автобус жүргізушісі ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2025 11:38 Фото: Zakon.kz
Қостанай қаласында полиция қызметкерлері көлікті басқару құқығынан айырылса да, маршруттық автобусты басқарған жүргізушіні ұстады.

Бұзушыны "Қорғау" интеллектуалды бейнебақылау және аналитика жүйесінің көмегімен анықтау мүмкін болды.

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған, алайда соған қарамастан қоғамдық көлікті жүргізуді жалғастырған.

Мұндай әрекет жолаушылар мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндіреді. Ер адам жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда бұл іс бойынша материалдар сотқа жолданды. Автобус арнайы тұраққа қойылды.

Құқық қорғау органдары жүргізуші куәлігі жоқ көлік басқару — заңды өрескел бұзу екенін және оның салдары ауыр болатынын еске салады. "Қорғау" сияқты бақылау жүйелері осындай жағдайларды анықтап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге сеп болуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: