Көгеріп, дем ала алмай қалған: Шығыс Қазақстанда бір жастағы сәби бұрандама жұтып қойған

Көгеріп, дем ала алмай қалған: Шығыс Қазақстанда бір жастағы сәби болт жұтып қойған, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2025 19:35 Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер бұрандама жұтып қойған сәбидің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

YK-news.kz басылымының жазуынша, оқиға Шемонаиха ауданында болған. Усть-Таловка ауылының тұрғыны 103 нөміріне қоңырау шалып, бір жасар ұлының бірдеңеге тұншығып, көгеріп, дем ала алмай жатқанын хабарлаған.

"Фельдшер Галина Гречаник ер адамға балаға қалай жедел көмек көрсету керектігін түсіндіре бастады. Сол сәтте жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жетті. Дәрігерлер келгенше, баланың тыныс жолындағы бұрандаманы алып тастау мүмкін болған, бірақ сәби ес-түссіз күйде болған", - делінген хабарламада.

Фельдшер Кристина Коломейцева жүрек пен тыныс алуды қалпына келтіру шараларын бастаған.

Төртінші минутта сәби қайта тыныс ала бастаған. Оны аудандық орталық ауруханаға жеткізіп, қазір палатаға ауыстырған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: