Отбасындағы зорлық-зомбылық 21 пайызға азайған

Домашнее насилие, бытовое насилие, жертва насилия, насилие над женщинами, физическое насилие, насилие, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2025 14:24 Фото: pexels
Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 1 жыл ішінде 21%-ға азайған. Яғни, былтыр 40 мың шағым түссе, биыл 17 мыңнан аса шағым тіркелді.

Бүгінде зардап шеккендерге көмек көрсететін 30-ға жуық орталық бар. Олардың бәрі де ірі қалалар мен аудан орталықтарында орналасқан, деп жазады qazaqstan.tv.

"Азайды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені бізде осы жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң қатайды. Бізде жалпы 7 жылда 2017 мен 2024 жыл аралығында біз осы орталықтарда 27 мың адамға қолдау көрсеткен болатынбыз. Негізгі мақсат жаңа айтып кеткендей, мұндай орталықтарды керісінше азайту." Азамат Рашитов, ҚР ЕХӘҚМ Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаментінің бас сарапшысы

Министрлік дағдарыс орталықтарының жұмысын жетілдіру үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігін іске қоспақ. Яғни, бұған дейін жергілікті әкімдік тарапынан жалпы орталыққа қаражат бөлінсе, енді нақты көмек алған азаматтың шығынына сай қарастырылады. Сондай-ақ әр өңірдің экономикалық жағдайы да ескеріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: