Астанада бір көше бес күнге жартылай жабылады

Астанада бір көше бес күнге жартылай жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2025 12:42 Сурет: Zakon.kz
Астана тұрғындары мен қонақтарына Сығанақ көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары басталатыны туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты екі учаскеде көлік қозғалысы бес күнге тоқтатылады:

  • Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ радиосына дейін;
  • Қазақ радиосынан Сауран көшесіне дейін.
"Аталған учаскелерде көлік қозғалысы 20 шілдеден 25 шілдеге дейін толықтай жабылады", - деп хабарлады басқарма.

Ведомство тұрғындар мен қала қонақтарынан кептелістің алдын алу үшін жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: