Алматыда жасөспірімді пойыздың төбесінде тоқ соқты

Алматыда жасөспірімді пойыздың төбесінде тоқ соқты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2025 14:01 Сурет: Zakon.kz
19 шілде күні Алматы-2 станциясында жасөспірім пойыздың төбесіне өз бетінше шығып, тоқ соғып жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 18:55-те станция кезекшісі оқиғаны тіркеген, деп мәлімдеді ҚТЖ баспасөз қызметі Telegram-арнасында. Электр тоғының соғуы салдарынан 15 жастағы жасөспірім күйік алған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жедел жеткен.

"Зардап шеккен жасөспірім тірі, оған медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

Аталған оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: